30
январь
2023
"Полиция дос және қорғаушы
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың қаңтар айында 5- сынып оқушыларымен "Полиция дос және қорғаушы" тақырыбында Меркі ауданының полиция бөлімінің аға инспекторы Омарова Динара Туребекқызы, Келибаева Гүлзағира Бейсенбайқызы және Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сәуле Әбдібайқызымен кездесу өткізілді. Тәрбие сабағының мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие сабақ барысында балаларға құқық туралы түсінік берілді, оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы айтып, жолда жүру ережелерін ортаға салды. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдаяттарды шешті.