13
сентябрь
2023
«Қазақстан Республикасындағы адам саудасына тосқауыл қою жағдайы (ҚР ҚК 128 бабы)» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен өткізілген дөңгелек үстел туралы анықтама
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына тосқауыл қою жағдайы (ҚР ҚК 128 бабы)» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен өткізілген дөңгелек үстел туралы анықтама 2023 жылдың 13 қыркүйек күні Адам саудасы құрбандары болудан сақтандыру, ескерту мақсатында 9-11сынып оқушыларымен«Қазақстан Республикасындағы адам саудасына тосқауыл қою жағдайы (ҚР ҚК 128 бабы)» тақырыбында 9- сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам саудасы (ҚР ҚК 128-бабы) және кәмелетке толмағандар саудасы (ҚР ҚК 135-бабы) үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі, бұл баптар бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғандығы туралы ақпарат берілді. Қаралып отырған қылмыстар көп жағдайда беймәлім сипатта болады, сондықтан қолда бар статистикалық мәліметтер іс жүзінде шынайы жағдайды көрсете алмайтындығын айта отырып ,оқушыларды бөтен көлікке отырмауға, ватцап, телеграм арқылы бөтен адамдармен сұхбаттаспауға болмайтындығы ескертілді. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары адам саудасының, соның ішінде сексуалдық қанау, порнографияда қолдану мақсатында жасалатын бала саудасының бүркеме фактілерімен бетпе-бет келетіндігі ескертілді