19
март
2021
2021 жылдың 19 наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 9-сынып оқушыларымен "Адам саудасы қылмыс" тақырыбында өткізілген сынып сағаттары
2021 жылдың 19 наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 9-сынып оқушыларымен "Адам саудасы қылмыс" тақырыбында өткізілген сынып сағаттары туралы анықтама
Адам саудасы құрбандары болудан сақтандыру, ескерту мақсатында 2021 жылдың 19- наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 9-сынып оқушыларымен " Адам саудасы қылмыс " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам саудасы (ҚР ҚК 128-бабы) және кәмелетке толмағандар саудасы (ҚР ҚК 135-бабы) үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл баптар бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғандығы туралы айтылды.Қаралып отырған қылмыстар көп жағдайда беймәлім сипатта болады, сондықтан қолда бар статистикалық мәліметтер іс жүзінде шынайы жағдайды көрсете алмайды. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары адам саудасының, соның ішінде сексуалдық қанау, порнографияда қолдану мақсатында жасалатын бала саудасының алдын алу үшін құқық қорғау органдары күндіз-түні жұмыс жасап жатқандығы айтылды. Сенім телефоны,сенім жәшіктері туралы да ақпарат берілді.