06
октябрь
2023
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021 жылғы 25 мамырдағы N235 бұйрығы «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттардың тізбесінің бекітілуі» туралы бұйрығы туралы ескерту жұмыстары жүргізілді
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 6 қазан күні, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021 жылғы 25 мамырдағы N235 бұйрығы «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттардың тізбесінің бекітілуі» туралы бұйрығы туралы ескерту жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ережесін түсіндіру. Мектепке және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттардың тізбесін түсіндіру. Мектеп инспекторы А. Маңызқызы, ДҚТЖО А. Таукебаева мектепке қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығы, шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейтіндігі, сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде мұғалімнің рұқсатыңсыз смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануға болмайтындығын атап кетті.Оқушыларға сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге болматындығы ескертілді