03
февраль
2023
«Мектепке алып келуге тыйым салынған заттар»
2023 жылдың 3 ақпан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Мектепке алып келуге тыйым салынған заттар» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен Меркі ауданының полиция бөлімінің инспекторы Килебаева Гульзағира Бисенбайқызымен кездесу өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ережесін түсіндіру. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін түсіндіру. Атап айтсақ, білім ұяларына қару-жарақ пен оған ұқсас заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығын ескертті. Сондай-ақ өткір, үшкір, жарылғыш, улы және психоактивті заттарды алып кіруге болмайды. Бұл талап орындалмаған жағдайда ата-аналар жауапқа тартылатындығын ескертті. Сонымен қатар, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығы айтылды. Бұдан бөлек, мектепке шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді. Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануға болмайтындығын атап кетті.Оқушыларға сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге болматындығын ескертті.