20
октябрь
2023
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 20 қазан күні кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖПҚБ ЮПТ полиция лейтенанты Маңызқызы Арна құқық бұзушылықтың,қылмыстың түрлерінің көбею себебтері және оның алдын алу бойынша қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толық ақпарат беріп өтті. Қазіргі жаңа Қазақстанның болашағы осы жастар екені және ол жастар дені сау мәдениетті,оқыған болуы керек деп толықтырды. Оқушылардың мектепке қымбат ұялы смартфон телефондарын алып келуін бақылауға алып,пәндерге керек кезде ғана пайдалануды ұсынды. Себебі қымбат ұялы телефон жоғалған кезде құқық бұзушылық анықтаып,қылмыстық іс қозғалатыны айтылды. Оқушылардың мезгілсіз уақытта тиым салынған орындарда жүруі және тойханаларда жұмыс істеуі әкімшілік хаттама толтырылып,ата-аналарына айыппұл салынатыны туралы түсіндіріп өтті