05
сентябрь
2023
Ата-аналар жиналысы
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 5 қыркүйек күні, кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагогтер, мектеп психологтары, сынып жетекшілер және ЖПҚб ЮПТ полиция лейтенанты Манызқызы Арна, полиция қызметкерлері Омарова Динара, Майнусов Айдос, аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сәуле Абдибаевна қатысты. Жиналыс барысында ата – аналарға кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы туралы түсіндірілді. Атап айтсақ:
-Кибербуллинг
-Бопсалау
- Буллинг
-Интернет-тәуелділік
-суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын, жауапкершілігін арттыру мақсатында мектеп психологтары жадынамалар таратты.