27
октябрь
2023
«Мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде
«Мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 27 қараша күні Жамбыл облысы ПД басшылығының ҚР ІІМ-нің 21.10.2023 жылғы №1-5-5-6-75/3678-И хатына сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 26 қазан мен 2 қараша аралығында Республикалық "Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты бопсалау, қорқыту, қысым көрсетудің алдын алу болып табылды. Іс-шараға Меркі АПБ ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі Майнаусов Айдос Болатұлы, Меркі АПБ КҚҚТ аға инспекторы полиция майоры Давлетбаев Ержан, Меркі АПБ-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Мәшірханов Айсултан қатысты. 8-11 сынып білім алушыларына «Жоғары сынып оқушыларының тарапынан оқушыларды қорлау сондай –ақ бопсалауды тоқтату», «Зорлық зомбылықтың алдын алу» , «Электроскутер міну ережелері және оған тыйым салу», «Интернетке тәуелділікті жою» ,«Электронды және синтетикалық есірткілердің зияны», мектепке алып келуге тиым салынған заттар тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді