27
октябрь
2023
Республикалық "Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шара
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 27 қазан күні Республикалық "Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шарасы аясында Меркі АПБ ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі Майнаусов Айдос Болатұлы, Меркі АПБ КҚҚТ аға инспекторы полиция майоры Давлетбаев Ержан, Меркі АПБ-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Мәшірханов Айсултанның қатысуымен ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты бопсалау, қорқыту, қысым көрсетудің алдын алу, «Жоғары сынып оқушыларының тарапынан оқушыларды қорлау сондай –ақ бопсалауды тоқтату», «Зорлық зомбылықтың алдын алу» , «Электроскутер міну ережелері және оған тыйым салу», «Интернетке тәуелділікті жою» , «Электронды және синтетикалық есірткілердің зияны», мектепке алып келуге тиым салынған заттар тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию, ғаламтор арқылы смс немесе электронды хаттар, қорлайтын бейне роликтер, суреттер, қоқан-лоқы туралы хабарламалар келген жағдайда қалай қорғану керектігі ортада айтылып талқыланды. Ата-аналар мұндай жағдайда баласын толық тыңдап, мұғалім мен мектеп әкімшілігігімен байланысып, үнемі балаға қолдау көрсету қажеттігі туралы кеңестер айтылып, пікір алмасты