05
сентябрь
2024
“Қауіпсіз мектеп”атты алдын алу іс шарасы өткізілді
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында “Қауіпсіз мектеп”атты алдын алу іс шарасы өткізілді. Іс- шараның мақсаты: кәмелетке толмағандардың үйден кету, қараусыз - қадағалаусыз жүрген жасөспірімдер, ата -аналармен оқушылар арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу, оның ішінде жасөспірімдерге қатысты қылмысты болдырмау мақсатында, есепте тұрған оқушылардың, тәукел тобындағы балалардың үйлеріне ДҚТЖО А. Таукебаева, әлеуметтік педагог А. Ойшиева, мектеп психологы Е. Олжабай, сынып жетекші Р. Кулмаханбетова күндізгі рейд жүргізді. Осы іс-шара барысында оқушылардың ата-аналарға балаларына көп назар аударып, қауіпсіздігіне көп көңіл бөлуі, құқық бұзушылық, ұрлық, ұсақ бұзақылық туралы ескертулер жасау керектігі де ескертілді