21
декабрь
2023
Меркі АПБ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық “Қаңғыбас”атты алдын алу іс шарасы өткізілді
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 21 желтоқсан күні Меркі АПБ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық “Қаңғыбас”атты алдын алу іс шарасы өткізілді. Іс- шараның мақсаты: құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу, оның ішінде жасөспірімдерге қатысты қылмысты болдырмау, профилактикалық жұмыстар жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жаңа жыл мерекесі қарсанындағы каникулдағы қауіпсіздік, түнгі уақыттағы қауіпсіздік ережесі, көлік құралдарын басқаруға болмайтындығы, алкогольдік ішімдіктен аулақ болу, пиротехника құралдарын қолдануға болмайтындығы туралы АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторы полиция майоры А. Маңызқызы, ДҚТЖО А.Таукебаева,мектеп психологы Е.Олжабай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.