03
октябрь
2024
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарын іске асыру мақсатында

Мемлекет басшысы озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керектігіне назар аударып, бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керектігін тапсырды.
Тәрбие көзбен көру арқылы бала бойына сіңеді, ата-анаға, ұстаздарына, жалпы ересектерге қарап бой түзеу арқылы жүзеге асатындығын атады. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс екендігін ескертті. 2024 жылдың 3 қазан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің, зиянды заттардың алдын алу мақсатында профилактикалық есепте тұрған оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Юневалды полиция тобының инспекторы Т. Мұхтар, ДҚТЖО А.Таукебаева,мектеп психологы Е.Олжабай,тәлімгерлері қатысты. Жиналыста мектептің ішкі тәртібі, бопсалау мен әлімжеттіктің, топтық төбелес, мектептегі және мектептен тыс жерде зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп, оқушылардың түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрмеуі туралы қатаң ескертілді. Жасөспірімдерге есірткі мен темекі шегудің зияндығы туралы айтылды