31
август
2023
📒📘”Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» сынып жетекшілері семинары

Тәрбие жұмысын жүргізудегі тәрбие ісінің сапасын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру, тәрбие жоспарын құрастыру,
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ”Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары»
тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнур Кумисбековна сынып жетекшілердің жұмыс жүйесі мен жаңа оқу жылындағы міндеттер, “Тәрбие жұмысы жүйесін жетілдірудің жобалары”тақырыптарында баяндама оқып, 2023-2024 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдері, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылап, біліктілін арттырды. Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара соңында мектеп психологы Олжабаева Эльнурка"Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары" психологиялық тренинг өткізді