12
ноябрь
2024
«Халақ қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған «Ер есімі-ел есінде» танымдық сағатын тарих пәнінің мұғалімі Ж.Сахова «Жас полиция көмекшілер» тобымен өткізді
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 12 қараша күні «Халақ қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған «Ер есімі-ел есінде» танымдық сағатын тарих пәнінің мұғалімі Ж.Сахова «Жас полиция көмекшілер» тобымен өткізді. Мақсаты: батыр полицейдің ерлігін дәріптеу, білім алушыларды ақпараттандыру «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу. 2011жылы 12 қарашада Жамбыл облысы ІІД жол полициясы жеке батальонының 1- взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов Тараз қаласында қауіпті ланкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болғаны туралы оқушыларға мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді. Кездесуде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Таукебаева баяндама жасады.
Ғазиз Байтасов бірнеше сағаттың ішінде қаланы аяғынан тік тұрғызған қанды террорлық актіні, өз өмірінің құнымен тоқтатқандығын, ел үшін мерт болған азаматқа «Халық қаһарманы» атағы берілгендігі, орын алған оқиғаға 13 жыл өтсе де, өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болған, оның ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес деп сөзін аяқтады. Іс-шара білім алушылардың батырды еске алып, арнау оқып, бір минуттық үнсіздік жариялауымен аяқталды