28
май
2026
Жазғы демалыста оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында жаз мезгіліндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың 28 мамыр күні педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, су айдындарындағы, жол қозғалысындағы, өрт қауіпсіздігі және интернет қауіпсіздігі мәселелері кеңінен талқыланды.Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналармен байланыс жұмыстарын күшейту жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтерге оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.