01
июнь
2026
«Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» және «Жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін тірек мектеп-гимназиясында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» және «Жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыстың мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, бала еңбегін пайдаланудың алдын алу және жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін түсіндіру болды.
Кездесу барысында ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды ауыр жұмысқа тартуға жол берілмейтіні, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау қажеттігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік және балаларды қараусыз қалдырмау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыс соңында ата-аналарға балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.