17
ноябрь
2022
«Жанұяда балаға зорлық -зомбылық болмасын!» тренингі
«Жанұяда балаға зорлық -зомбылық болмасын!» тақырыбында 7 -11 сынып қыздары және олардың ата – аналарымен жасөспірім қыздарға зорлық-зомбылық туралы ақпарат бере отырып, балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын -алуда ата-ананың міндетін түсіндіру мақсатында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараға Меркі ауданының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы А. Оразбаева, Меркі ауданының учаскелік инспекторы Ж. Төламан, Меркі ауданының «Ұшқын» жастар орталығының дәрігері А.Мухамедкалиева, псиголігі А.Метеркулова, және ата-аналардың қатысуымен өткізілді.