«Мен және менің ортам » тренингі
2023 жылдың қаңтар айының 12– жұлдызы күні мектепшілік есептегі оқушылармен «Мен және менің ортам » тренингі әлеуметтік педагогтар бөлмесінде мектепшілік есептегі оқушылармен өткізілді.
Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып,бақытты өмір сүру үшін психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым- қатынасқа түсу мәдинетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Оқушыларға жүргізілген тренингтің мақсаты, ережелері толықтай таныстырылды.
«Тілек жаттығуы» жасалынды,онда окушылар қағаздан жасалынған жүрекшелерді бір біріне сыйлай отырып, жылы тілектерін айтып шықты.
«Жүйрік ой» жаттығуы жасалынды. Онда маған қажет қасиеттер деген сұракка ұқыптылық төзімділік,сабырлылық деп жауап берді.
-Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім деген сұраққа адам жанын түсіне білетін жаксы достар, менің мінезімнің ... маған ұнамайды деген сұраққа жалқаулық,көпшіл еместіктерін айтты.
-Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, деген сұраққа телефонға көп қарай бермей, көп жүру, спроттық іс әрекеттерді көп жасау керек , Мен ... қатты қиналамын деген сұраққа ештеңеден қиналып жүрмгендерін айтты.
“ Сөйлемді жалғастыр ” жаттығуы жасалынды. Онда жақсы өмір - бұл ..... ата - анамен бірге болу, Бақытты адам – ол біз, ештеңені ойламай балалық шақты кызықты өткізудеміз, біздер үшін ата - анамыз бәрін дайындап, ойлау. Қызықты өмір сүру үшін – көп оқып, алдыға максат қоя біліу екенін айтты.
3. « Өкпені еріту және «Тазарту» жаттығуы жасалынды.
4. Қызықтыда мәнді өмір сүру үшін не істеу керек екендігі туралы ақыл- кеңестер берілді.