«Танысу» тренингі
Өткізілген күні 20 - қазан Қатысқандар : 1- а, б, в, г сынып оқушылары
Әлеуметтік педагогтар өздерін 1- сынып оқушыларына таныстыру. Балаларды бір-бірімен жақын таныстыру, қатысушылар арасында жақсы түсінушілік, достық қарым-қатынас орнату және тренингке деген жақсы көңіл - күйлерін білдіру мақсатында.
«Танысу» тренингін жеке – жеке әр сынып бөлмелерінде өткіздік.
Тренинг ұйымдастыру кезеңінен басталды, әлеуметтік педагогтар өздерін таныстырды.
- Баяу музыка қойып, қатысушылар қол ұстасып 1 минут алақандар арқылы жылы импульстар жіберіңдер деп өтіндік.
І. "Кәне танысайық" жаттығуы жасалынды. Әр қатысушы өзін-өзі таныстырды. Бұл жерде өзінің есіміне, өмірінің қызықты жайларына тоқталды.
2. Ойын "Сиқырлы шеңбер ережесі" жаттығуы жасалынды. Ортада шеңбер жасалынып, шеңберде тұрған қатысушыларға Ардақ әкпей сөздер оқып тұрды, оқушылар іс-қимыл арқылы тапсырмаларды орындады
1. Желден қимылдап тұрған ағаштарды көрсетті.
2. Судағы балықтардың қалай жүзетінін көрсетті.
3. Баланың анаға деген махаббатын көрсетті.
3. «Бір - екі» жаттығуы жасалынды.
Ардақ әкпей ойын шартын түсіндіріп өтті. Дененін бір мүшесін атады, сол кезде қыздар отырды, дене мүшелерін біреу емес екеуін атағанда ұлдар отырды.
Мұрын
Аяқ
Ауыз
Көз
Құлақ
Тіл
Иық
Тізе
Шаш
Саусақ
Соңында сендердің сондай мұқият болғандарың маған ұнады, жарайсыңдар деп жааттығуымызды аяқтадық.
4. "Кері байланыс" жаттығуы жасалынды.
Жүрекшені бір – біріне кезекпен- кезек бере отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдірді. Онда жаппай бәріне ұнағандығын, қызықты өткендігін оқушылардың жауаптарынан естідік. Не ұнаған жоқ?- деген сұраққа жауап болмады.
Қорытынды: тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтадық.