07
август
2021
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы
Елдегі эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, әртүрлі себептермен балаларға мектеп формасын сатып алуға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін тағы бір жылға мектеп формасын киюді міндетті емес ету туралы шешім қабылданды. Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осы орайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейтінін мәлімдеді.
Білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасын таңдауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына арнайы тармақ енгізілді. "Төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайларда таза классикалық не іскерлік үлгідегі киіммен келуге рұқсат беріледі" делінген.