20
сентябрь
2021
«Талант – табиғаттан, талап -өзіңнен»
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 17 қыркүйек күні өскелең ұрпақты ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу қолөнер үлгілерімен таныстыру, қызығушылығын арттыру мақсатында «Талант – табиғаттан, талап -өзіңнен» атты ұлттық қолөнерді насихаттайтын "Қыз жасауы"қолөнер шебері -Аманова Назгүл Ермекқызымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Назгүл Ермекқызы салт-дәстүріміз, "құрақ құрау", ою-өрнектерді қиып жапсыру, көрпе, мойын жастық, бел жастық үлгілері және ұлттық идеология туралы, қазақтың ұлттық өнері, оның ішінде қолөнері қайта жанданып келе жатқанын алға тартып, жасөспірімдерді қолөнермен айналысуға, осы өнер түрінің кеңінен дамуына үлес қосуға шақырды. Оқушылар тарапынан келген қонаққа сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Сондай-ақ, әжесінің "көзі" тігін машинасымен «шебер- сынып» көрсетіліп, көрермендерді қызықтыра түсті. Іс-шара барысында қолөнер туындылары көрермен назарына ұсынылды. Кездесу соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.