25
сентябрь
2021
"Мәдениет -ұлттық қайта өркендеу коды"
Қазіргі жаһандану заманындағы ұрпақ тәрбиесі, ұлттық кодымызды сақтау, рухани құндылықтарымызды жоғалтпай, оны жастардың бойына сіңіру, қазақтык салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпын насихаттау мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Жамбыл облысы әкімдігі "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ-нің инспекторы - Сәрсембаев Арман, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлының қатысуымен "Мәдениет -ұлттық қайта өркендеу коды" атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қонақтар дін саласындағы заңдылықтарды түсіндіріп, деструктивті діни ағымдар, олардың қоғамға кері әсері туралы, олардың интернет желісі арқылы жүргізетін манипуляциялық амалдарынан сақтанудың жолдары туралы кеңес берді, Ұлттық кодтың маңыздылығы мен болашақта алар орны жайында сөз қозғалып, оқушылар мен қонақтар арасында тақырыпқа сай сұрақ - жауаптармен алмасты. Жастар батыстың замануи құндылықтарына емес, өзіміздің ата-бабамыздан қанымызға сіңген құндылықтарды негізге ала отырып, рухы мықты, иманына берік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, елін, жерін бар болмысымен сүйетін, тарихын қастерлейтін, болашаққа сенімі мол азамат болып өсу керектігін тілге тиек етіп, тәрбие әрқайсымыздан басталатындығын, жақсылыққа, ізгілікке талпынып, дұрыс жолды таңдау қажеттілігі туралы айтылды