14
октябрь
2021
Ұлттың тілі , дәстүрі, мәдениеті, сол ұлттың жаны, жан дүниесі"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, №1 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Ұлттың тілі , дәстүрі, мәдениеті, сол ұлттың жаны, жан дүниесі" тақырыбында Меркі аудандық мәдениет үйлер және клубтар жүйесі, ұйымдастыру бөімінің меңгерушісі - Аманжол Сейдалы Рәжімұлы және "Тәуелсіздік құрдастары", "Жастар" ресурстық орталығының инспекторы - Құсанбек Аружан Азаматқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде Сейдалы Рәжімұлы тілдің құдіреттілігі, қазақ тілінің мәртебесі туралы әңгімелей келе, өзі шығарған "Жастарға" өлеңін оқып берсе, Аружан Азаматқызы өздеріне жүктелген жауапкершілік пен міндеттің салмағын да, сырын да жақсы түсініп, ел сенімін ақтап, парызына адал болуға, күннен күнге қарыштап, алға басқан жас мемлекетпен жарыса өскен ұрпақтың болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Тәуелсіздіктің арқасында білім алым, жоғарғы оқу орнын аяқтағанын мақтанышпен жеткізді. Білім алушылар сұрақтар қойып, тәуелсіздіктің қадірін білуге, ана тілін, ұлттық және мәдени дәстүрлерді құрметтеуді, өз елінің жанашыры болу керектігін ұғынды
#ҰлыДалаӨркениеттері
#ҰлыДалаӨркениеттері