10
март
2019
«Ақ шағала» би байқауы
Би өнерін оқушылар арасында кеңінен насихаттап, би қимылдарының орындалу шеберліктерін, балалардың көркем шығармашылығын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыру, түрлі би қойылымдарын көрсету арқылы би өнерін насихаттау, өз елінің ұлттық құндылықтарын бағалайтын азаматты тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл байқауға аудандағы әр мектептен өнерпаз топтары қатысты. Біздің қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй, би деген мұрамызда шек жоқ. Қазақ биі өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгілі. Қазақ биі өнерінің ұлттық дәстүр-салтты танытатын ең бір өнердің тиімдісі. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тірлігінде әуелден бар. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бірге жасап келеді. Қазақ биі- ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі. Би- қазақпен бірге өніп-өскен, көнеден келе жатқан өнер. Қазақтың биі де ұлттық салт-дәстүріміз бен қазақтың тұрмыс-тіршілігінен туындаған. Би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі келе-келе тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде және Үндістанда билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі, өнері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен ана әлдиінен, ананың қасиетті сөздерінен қастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Осыған орай,байқаудың шарты бойынша 10 оқушыдан кем емес би ұжымдары қатысты. 10-13 жас аралығындағы орта топ 2 биден, бірі қазақ биін, екіншісі сюжетті би қойылымын көрсету керек. 14-17 жас аралығандағы жоғарғы топ, 2 би, бірі әлем халықтарының биі, екіншісі еркін тақырыптағы аралас би қойылымын көрсетуі керек. Барлық бидің ұзақтығы 3 минуттан аспау керек. Екі топқа да №1 ЖББМ «Керім-ай» жоғарғы бишілер тобының бишілері «Әзірбайжан», «Кең дала» қазақ биі, кіші тобы «Қазақ биі попурри», «Латино» биін биледі. Нәтижесінде ІІ, ІІІ орындарға ие болды.