26
ноябрь
2021
«Отбасы денсаулылығы - тәуелсіз елдің саулығы» отбасымен бірге отбасылық ұлттық ойындар сайысы
"Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес «Отбасы денсаулылығы - тәуелсіз елдің саулығы» отбасымен бірге отбасылық ұлттық ойындар сайысы болып өтті. Білім алушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын және қазақтың ұлттық ойындарын білім алушылар мен ата-аналар арасында насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараға 2 сынып білім алушылары мен ата-аналарынан құралған 6 топ қатысты. Іс-шараны мектеп-гимназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатқызы ашып, Іс-шараның мақсаты мен ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстың өзектілігіне тоқталып, қатысушы топтарға "сәттілік" тіледі. Қазақ халқының еншісіндегі түрлі ұлттық ойындар тізбегі бойынша , "Теңге ілу", білек сынасу, нысанаға дәлдеу, асық ату, арқан тарту, ұлттық ойындар ойнатылды. Ойын нәтижесінде жеңіске жеткен топтар мадақтамалармен марапатталды.