29
ноябрь
2021
"Адалдық - асыл қасиет" атты адалдық сағаты


Кусёва Салтанат Жұмабекқызы - Жамбыл ауданы, А.Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі;
Кембаева Айнұр Тұрарқызы - Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары өз сөзідерінде ұлы Абайдың, Шерхан Мұртазаның тағылымын алға тартып, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деді. Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Патриот болу үшін ең бірінші әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады, жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті. Білім алушылар парасатты ұрпақ болу үшін адалдық пен мейірім, елжандылық пен білімділік адамзаттың бойында болуға тиісті негізгі қасиеттер екенін түсінді.