01
декабрь
2021
"Мәңгілік ел- ұландары" атты бірыңғай " Жас Ұлан" , "Жас Қыран" балалар ұйымына қабылдау рәсімі
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "1 желтоқсан - Тұңғыш Президент" күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастарды еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, рухани дүниесі кең тұлғаны тәрбиелеуді көздейтін "Мәңгілік ел- ұландары" атты бірыңғай " Жас Ұлан" , "Жас Қыран" балалар ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара "Балбырауын" күйімен ашылып, жас қырандықтар тəуелсіздік, отан, туған жер туралы өлеңдерді мəнерлеп оқып, 4"А" сынып білім алушысы Болатбек Санжардың "Тәуелсіздік"патриоттық әнін орындады, Оспан Анель, Оспан Жанельдің "Мектебім" әнін орындап, биші қыздардың мың бұралған биімен жалғасты. "Ұлан Басшысы" Дүйсебай Акнур "Жас қырандықтарды салтанатты түрде, қошеметпен ортаға шақырды. Мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатовна, "Желтоқсан" оқиғасына қатысушы - Джуанышева Эльмира Қуанышбайқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнур Кумисбековна және Үздік "Жас ұландықтар көгілдір аспан түстес галстуктерін мойындарына тағып, Үздік "Жас Ұландық" Жақып Дильназ ант мәтінін оқып, жас қырандықтар ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге, үздік оқуға, еліміздің рәміздерін қадірлеуге салтанатты түрде ант берді. Мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы жасқырандықтарды құттықтап, оқуда толайым табыстар тіледі.