21
октябрь
2020
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубына оқушыларды қашықтан салтанатты түрде қабылдау рәсімі
1жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 7-10 сыныптар арасында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубына оқушыларды қашықтан салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Құрылған ұйымның негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, құқықтық салауаттылығын арттыру. Еліміздің нағыз
еңбексүйгіш, білімге құштар, салт-дәстүріміз бен рухани адамгершілік құндылықтарымызды қастерлейтін Отансүйгіш патриоттарын тәрбиелеу.
Салтанатты жиында "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері Отанымызға адал қызмет етуге, еліміздің өркендеуіне, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға, өз үлестерін қосуға салтанатты түрде ант етті. Мектеп-гимназия директоры А.Алтынбаева оқушыларды құттықтай отырып,
ұлтымыздың болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екендігін атап айтып, еліміздің туын әлемнің биік тұғырларында желбіретіп,
жаңа белестерді бағындыратын, өз Ұлтының мүддесі мен мәртебесін бәрінен биік ұстайды деп сенім білдірді!