"Asyk party" ойындары » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2022

"Asyk party" ойындары

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық асық ойындары. Бүгін де ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. қазақтың ұлттық асық ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып мәдени, спорттық өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында тәрбие жоспарының ұлттық бағытына сәйкес, балалардың бойында қазақ халқының тарихи мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру мақсатында "Asyk party" ойындары өткізілді. «Бес табан», «Алшы» атты әр ойын түріне екі кезеңдегі жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталып, дипломдармен марапатталды.

Теги:
123
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив