03
март
2022
«Мың алғыс!» тақырыбында мерекелік концерт
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болып есептеледі. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Мың алғыс!» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Концертке арнайы әзірбайжан, түрік этномәдени орталығының мүшелері, мектеп ата-аналары шақырылды. Мектеп-гимназиясының директоры Мадина Болатқызы Бексултанова бүгінгі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ еліне, көршілеріне, ата-аналарға, ұстаздарына ризашылығын білдірді. Мерекелік іс-шарада 2"А" сынып білім алушылары "Рахмет айтамын ұстаздарға" хор орындаса, 4"А",4"В",7"А",7"В", сынып білім алушылары "Қазақ", "Өзбек", "Түрік", "Үнді" "Әзірбайжан" билерін билесе, 3,4,5,6 сынып оқушылары алғыстарын жыр шумақтарымен жеткізді. Көрермендермен "Ребусты мақал-мәтелдер"ойыны ойнатылып, 8"В", 6"В" 6"А" сынып білім алушылары өз алғыстарын туыстарына, Отанына, дәрігерлерге, ұстаздарына жеткізіп, 7"А" сынып білім алушысы Тұяқбай Аяулымның "Алғыс" әні айтылды. Мектеп-гимназиямыздың ардагер ұстазы - Бағила Тұралықызы, "Берекелі шаңырақ" ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшелері Камидулла Енсебеков, Акбопе Сарсенқызы, Аскарова Гулчехра және ата-аналар тілегін білдіріп, алғысын жеткізді. Іс-шара соңында естелікке фотосуретке түсті.
Теги:
123