04
март
2022
«Әлемді аялаған ана»
«Әлемді аялаған ана»
Көктем және әйел-ана! Бірін бірі толықтырған қандай үйлесім десеңізші! Иә, әйелдер мерекесінде адам жанын ғажайып сезімге бөлейтін ерекше күй де осындай керемет екі ұғымның ұштасқандығынан туындаса керек. Ендеше, қар астынан бәйшешек бой көтергенде жер-дүниені бусандырған көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі басталатыны да бекер болмас. Күннің көзі нұрын төгіп, ақ қар-көк мұз еріп, тал-шыбықтар бүрленіп, дала біткен түрленіп жатқан шақтың құдіреті де сол көктемнің шуақты нұрынан нәр алады емес пе? Осынау керемет мереке қарсаңында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Әлемді аялаған ана» тақырыбында "Әжелер" мектебінің төрайымы - Ақбөпе Сарсенқызы, "Берекелі шаңырақ" ата-аналар қоғамдыстығының төрайымы - Әсем Әділбайқызы, "Аналар" мектебінің төрайымы - Аскарова Гулчехра, "Қамқоршылық" кеңесінің төрайымы - Кыдыркулова Гульмира, "Ата-аналар" кеңесі мүшесі- Мырзаханова Айгерім аналарымызбен кездесу болып өтті. Іс-шара барысында "Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы" бейнеролик көрсетіліп, кеш қонақтары салиқалы, тағылымы мол, тұшымды жауап берді. Мектеп-гимназиямыздың білім алушы қыздарымыз мерекеге арнап "Ашық хат" жасап, тартуласа, 4"А", 7 "А" сыныптың мың бұралған бишілері би билеп, 6 "А" сынып білім алушысы Махат Ақерке "Шеше, сен бақыттысың!" өлеңін мәнерлеп оқыды, соңы "Аяулы ана" караокесі орындалды. Мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы "Ана" – отбасының ұйытқысы, алтын бесіктің иесі екендігін, ел болашағының барлығы аналардың қолынан өтетінін айтып, аналарды, қыздарды мерекемен құттықтады.

Теги:
123