30
ноябрь
2020
"Дәстүрлі емес діни ағымдардың салдары және оның алдын алу"
Діни экстремизм мен терроризм қазіргі таңда адамзатқа төнген басты қауіп-қатердің біріне айналды. Дінді бетперде ретінде пайдаланатын көптеген діни және экстремистік ұйымдардың басты мақсаты- билік, табиғи ресурстар үшін күрес болып табылады!
Әлемдік пандемия осы бірлестіктердің ақпараттық іс-әрекеттерін едәуір арттырды. Материалдарды жасырын немесе жалған беттер арқылы орналастыру және әлемнің кез келген жерінде тарату мүмкіндігі әлеуметтік желі мен интернет ресурстарын қоғамдық сананы алдап-арбау, әлем елдеріндегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін неғұрлым тиімді және қолжетімді құралға айналдырды.
Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту мақсатында және мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушыларымен Жамбыл облыстық, Тараз қаласының ішкі саясат бөлімінің теолог-дінтанушы, магистр Танжарык Турганкулов мырзамен "Дәстүрлі емес діни ағымдардың салдары және оның алдын алу" тақырыбында қашықтан кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Кездесуде Таңжарық мырза Қазақстандағы жалған діни ағымдар жұмысының ерекшеліктерін айтып, мысалға келтіре отырып, айтылатын ақпаратқа қырағы болудың және сын көзбен қараудың, ресми және беделді дереккөздерді пайдаланудың, үгітшілердің айла-амалдарына бой алдырмаудың қажеттігін түсіндірді.