08
март
2022
"Сыйынар ем "Ана" деген тәңірге!"
Көктемнің алғашқы гүл мерекесі-8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнін №1 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында "Сыйынар ем "Ана" деген тәңірге!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, әйел-аналарға арнап, көңілдерге көгілдір көркем шуақ, сезім мен нұр құятын, әсем ән, жыр, би, күй арнады. Алғашқы мерекелік құттықтау тілегін мектеп-гимназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатқызы барлық ұстаздарды, аналар қауымын құттықтады, келесі құттықтау сөз ардагер ұстазымыз Бағила Тұралықызы өз тілегін арнады.
Нурай, Адема және 6"А" сыныптың білім алушылары биден шашу шашса, Залина, Севда мәнерлеп өлең жолдарын оқыды. Көбейхан Жанерке, Марьям, Халида, Ругайя, Валихан Қуаныш "Ана", "Это мама!", "Анашым, ауырмашы!" әндер шырқаса, 3"Б" сынып білім алушылары "Гүлдер" биін билеп, 3"В" "Бабушкины олладушки" хорын орындады. Бұдан соң дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Орынбек күй тартып, тарих пәні мұғалімі Б.Дүйсебай, көркемдік жетекшісі А,Аманқос және 10"А" сынып білім алушылары "Ана" әнін тартулады.
Әлемдегі ең сұлу және ең керемет нәзік жанды - аналарға арналған мерекелік концертті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Оразбаев жүргізіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Теги:
123