18
март
2022
"Сарқылмайтын салт-дәстүрлер" топтық сайысы
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында білім алушыларға ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық салт дәстүрлері туралы білімдерін пысықтап, ұмыт болған салт-дәстүрлерді дәріптеу кеңінен насихаттау, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 6,7,8 сынып білім алушылары арасында "Сарқылмайтын салт-дәстүрлер" топтық сайыс өткізілді. Сайыс І. «Сәлем - сөздің анасы»,ІІ. «Салт-дәстүрлер», ІІІ. «Мақал – сөз мәйегі» кезеңдері бойынша қатысушылар сынға түсті. Іс-шараны мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы ашып, "Наурыз" мерекесімен құттықтап, қазақ халқының ата дәстүрі мен әдет-ғұрпы және ырымдары бар екенін, бұл ерекшеліктер халықтың жан дүниесін көрсетіп тұратынын, осы тұста болмысы мен бітіміне сай сарқылмайтын салт-дәстүрлері жетерлік! Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол екендігіне тоқталып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Топтар таныстырып, екінші кезеңде "Ерулік", "Бәсіре", "Біз шаншар", "Балдыз қалың", "Сыралғы", "Көгентүп, жиенқұйрық", "Түйемұрындық","Қамшы ілу" т.б. байырғы бабаларымыздан ұрпақтарға сабақтасқан мәдени мұраны бойына сіңіру үшін белсенділіктерін байқатты. Үшінші кезеңде қатысушылар ұсынылған тақырыптар бойынша мақал-мәтел айтып, білгірлік пен ой ұшқырлығын көрсетті. Нәтижесінде Бас жүлде-7 "А" , 1 орын - 8 "А", 2 орын 8 "Б", 7 "Б" және 3 орын 6 "А" топтары иеленіп, дипломдармен марапатталды.
Теги:
123