01
декабрь
2021
"Кім тапқыр?" зияткерлік ойыны
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білім алушылардың білімге, оқуға құлшынысын арттыру, жылдам ойлауға, шапшаңдыққа үйрету, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында "Кім тапқыр?" зияткерлік ойыны 3-4 сынып білім алушылары арасында болып өтті. Жалпы топтық ойын 5 кезеңнен тұрды: Таныстыру; "Кім жылдам?" сайысы; "4 сурет бір сөз" ; "Кім білгір?" блиц - турнир, "Ребустар әлемінде". Әрбір кезеңде барлық топтар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызу өтуіне атсалысты. Жеңімпаздарды және әр топтың үздік ойыншысын әділқазылар алқасы марапаттады. Іс-шараны қорытындылай келе, әділ-қазылар алқасы барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, болашақта жетістіктерге жете беруге тілек білдірді!
Жауапты: кітапхана меңгерушісі С.Мауленкулова
Жауапты: кітапхана меңгерушісі С.Мауленкулова