20
март
2022
«Шылымқорлықтың алдын алу» дөңгелек үстелі
Дүниежүзілік туберкулез күніне орай және тәрбие жұмысының дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты аясында темекі шегу мәселе бойынша жасөспірімдердің ақпараттық деңгейін көтеру; адам ағзасына темекінің зияны туралы көрсету мақсатында 11 "А" сынып білім алушыларымен «Шылымқорлықтың алдын алу» дөңгелек үстелі өткізілді. Темекі жайлы ақпарат, темекі құрамындағы заттар, шайыр түтін арқылы адам өкепесіне түсетінін, өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар екенін, темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болатынын, шылым шегу барысында не нәрсе болатынын, темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзатынын, өкпенің көпіршіктерін зақымдайтынын дөңгелек ұстел барысында айтылып, талқыланып, қорытынды кезеңінде "Егер де мен президент болсам, темекіге қалай тоқтау салар едім?" деген өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жауапты. биология пәні мұғалімі А.Отарбаева
Теги:
123