01
декабрь
2021
«Діни сауаттылық – қоғамның тұрақты дамуының негізі» дөңгелек үстел
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Діни сауаттылық – қоғамның тұрақты дамуының негізі» айлығы аясында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 26 қараша күні жастар арасында жалған сенімдерге қарсы тұру, дәстүрлі дін жайында жалпы түсінік қалыптастырып, жүйелі білім алу және сенімсіз сайттардан білім алмау, жат ағымнан сақтау мақсатында 10-11 сынып білім алушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. 11 сынып жетекшісі Ж.сахова жалпы «Экстремизм» сөзі латын тілінен аударғанда «extremus» кез – келген нәрседе шектен шығу, ал «Терроризм» сөзі «terror» қорқыту, үрей туғызу деген мағынаны білдіртіндігі, кереғар діни ағымның ықпалына түскен азаматтардың сөздерінде өзгерістер, есімдерін және киім үлгісін өзгерту, намаз оқу барысын өзгерту байқалады. Одан бөлек, мұндай азаматтар музыкадан бас тартып, мінезі де өзгеріп шығатындығына тоқталып өтсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева жастар арасында әлеуметтік желілер кеңінен таралғандықтан, дін істері комитеті сараптау комиссиясы мақұлдаған сайттарды қолдануға кеңес берді.