29
март
2022
"Барлығын таста –кітап оқып баста!" 📚 📚 📚 🔷Биылғы жылы «Абай жолы» роман-эпопеясына 80 жыл
📚📚 📚 "Барлығын таста –кітап оқып баста!" 📚 📚 📚
🔷Биылғы жылы «Абай жолы» роман-эпопеясына 80 жыл толып отыр. 📚Қазақтың маңдайына біткен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов – әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы.
🔷М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабын 1942 жылы жазған. Роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. «Абай жолының» бас кейіпкері - Абай.
🔷Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын бәр-бәрін шығарманы оқи отырып, түгел шарлап өтеміз.
🔷1-кітаптың басында Абай қаладан далаға бара жатады, асығып, алып-ұшып, аулын сағынып келе жатады; ал аяғында - даладан қалаға кетіп бара жатады. Осы екі арадағы он шақты жылда аулынан Абай көрген жай, Абай кешкен хәл, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырлармен, кітап толы кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны шығармадан аңғаруға болады.
🔷Әуезов өзінің «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор.

Теги:
123