«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»
Мектебімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласын талқылауға арналған жиын болып өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева үлкен қоғамдық серпіліс туғызған бұл мақаланың биылғы жылы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізгелі отырған бүкіл еліміз үшін маңызы зор екендігіне, "Ұлттық болмыстың үлгісі", "Мемлекет ісінің мүдделері", "Әлемдік мәдениеттің тұлғасы", "Торқалы тойдың тағылымы" деген бөлімдерден тұратындығы және мақаланың әр бөлімі арнайы бір мәселелерге тоқталғандығы туралы айтып өтті.Президент еңбегінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деп аталуы бекер еместігі, өйткені 21 ғасырда біз қазақ мемлекетін ең озық елдер қатарына енгіземіз десек, Хакім Абайдың ақыл-парасаты мен ғибратты сөздеріне иек артуымыз керектігін айтып өтті. Нәтижесінде ұжымда мерейтойға арналған ауқымды іс-шара өткізілуі туралы шешім шығарып, бүкіл ұжымы Президент мақаласына бірауыздан қолдау білдірумен бірге хакім Абайдың тағылымдарына құрмет көрсетті.