31
март
2022
«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын кеңінен насихаттап түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді. ДТІЖО А.Айтбаева Жолдауды кеңінен талдап, мән-маңызын тарқатып баяндады. Жолдаудағы Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалардың барлығы Тәуелсіздігіміздің жаңа белесінде еліміз үшін қажетті, халықтың талап-тілегінен туындаған, «Жаңа Қазақстанды құру» жолындағы маңызды өзгерістерге бастайтынын,Президенттің өкілеттілігі, Парламенттің рөлі, партиялық жүйені дамыту, сайлау үдерісін жаңғырту, әкімшілік аумақтық құрылымды жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құқық қорғау институттарын күшейту сынды Президенттің маңызды ұсыныстарының орындалуы қоғамды одан әрі демократияландырып, әлемдік қауымдастықта мемлекетіміздің беделін арттыратыны жайында, Жолдаудың тарихи жер-су атауларының қайта жаңғыруына жол бастайтын бөлімдеріне басымдық жасалғаны, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру тұралы ұсыныстары және Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімінің берілуі – халқымыздың рухани өміріне тың серпіліс бергенін, Жолдаудағы 10 бағыт бойынша кеңінен түсіндіріп, Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың барлығы халықтың талап-тілектерінен туындап, еліміздің жан-жақты орнықты мемлекет ретінде одан әрі дамуына бағытталғанын атап өтті.
Теги:
123