Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауы - болашағымыздың бағдары. » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауы - болашағымыздың бағдары.
03
сентябрь
2020

Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауы - болашағымыздың бағдары.

Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауы - болашағымыздың бағдары.
 
 "XXI ғасыр - білім мен ғылымның ғасыры"деп бекер айтпаса керек. Қазіргі таңда білім бірінші орында тұр. Кез-келген қоғамның ғылым-білімсіз өмір сүре алмайтындығы баршамызға аян. Сондықтан да, ғылымның техникалық және технологиялық жетістігін бүкіл қоғамдық өмірге терең түрде енгізбейінше, өркениетті елдің дәрежесіне көтеріле алмайды. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – қай жағынан алғанда маңызды міндет. Бірақ қазіргі күні дүниежүзін жайлаған індеттің өршуіне байланысты ғылымда, білімде онлайн форматқа көшуде.Бұл әрине технологияның дамуына, ақпараттық технологияны жақсы меңгеруге жол ашатыны сөзсіз. Дегенмен бұл мәселе жаңа мектеп табалдырығын аттаған оқушыдан, ата- аналар мен білікті мұғалімдерге дейін қиындық тудырып отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екенін айта келе, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеу керектігін тапсырды. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. Оқушылар сапалы білім алу үшін мектептегідей еркін болу үшін барлық жағдайды қарастыратын айта кетті. Сапалы білім ол жарқын болашақтың кепілі. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз айтып кеткендей қазіргі жастарымыз келешектің айқын айнасы іспеттес.Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы басты мәселенің бірі ұстаздар жалақысының 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 25% ға көтеретінін және жалақы мөлшері алдағы уақытта арта беретінін айтты. Президентіміз жолдауында білім мен ғылымды дамытуды ең басты мақсат етіп қоя отырып, білім саласын көтеруді, жыл сайын бөлінетін гранттардың санын көбейтуді көздеп отыр.Президент әр сала бойынша не істеу керектігін айтып, көрсетіп берді. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға байланысты.
 
 Меркі ауданы №1 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының директоры - Алтынбаева Айгерим Аханқызы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив