Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» 1 қыркүйек, 2022 жыл » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» 1 қыркүйек, 2022 жыл
01
сентябрь
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» 1 қыркүйек, 2022 жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына

Жолдауы



«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»






1 қыркүйек, 2022 жыл

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің   «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Хаттамасы №1 (көшірме)


Мерзімі: 02.09.2022ж.                                                     Сарымолдаев ауылы

Қатысқандар: пед ұжым


Күн тәртібіндегі мәселе:

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» 2022 жылғы 1 қыркүйек (Мектеп-гимназия директоры М.Бексултанова)

2. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ

(Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.Айтбаева)



Тыңдалды:

Мектеп-гимназия директоры М.Бексултанова сөйледі:

Жаңа оқу жылымен қатар келген күздің алғашқы күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жолдады.Шындығында елімізге түбегейлі саяси реформалар мен қатар нақты өзгерістер керектігін, соның алғышарттарының жүзеге аса бастағанын байқауға болады. Бұл Жолдауды Президентіміздің саяси реформа арқылы қоғамды түбегейлі өзгертіп, сатылы түрде жалғастыруы деп қарауға болады. Жолдау «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» - деп аталды. Онда: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан  маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн» деп қадап айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президент қазақ және орыс тілдерін оқыту мәселесі бойынша көпшіліктің пікірталасына да жауап берді.«Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде», - деді Президент.Мемлекет басшысы сонымен қатар жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескеріп, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтудің маңызды екенін атап өтті. Президентіміздің бұл кезекті Жолдауында нық қадам, батыл шешімге бел буған, үлкен ойлар айтылды. Маңызды бастамалар қолға алынып, елдің сеніміне селкеу түсірмейтін нақты іс-шаралардың тезірек жүзеге асуын күтейік. Біз күн тәртібіне қойған маңызды шешімдерге қосылып қана қоймай оны нақты қолдауға тиіспіз. Осының бәрі ел күткен игі істерге бастау болары анық. Ең бастысы, екінші Республиканы құрудағы басты бағдарымызды анықтайтын нақты істердің куәсі болайық.

Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.Айтбаева сөйледі:

  • Жолдаудағы ірі басымдықтардың бірі – Жаңа Қазақстанның басты бес бағыты: жаңа экономикалық саясат, экономиканың нақты секторын дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіпке ерекше басымдық беру. Бұл басымдықтар – Жаңа Қазақстанның бес тұғыры. Жолдауда әлеуметтік және экономикалық саясаттың арасындағы тепе-теңдік сақталған. 
  • Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы түгелдей мектеп құрылысына жұмсалады;
  • Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады;
  • Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі;
  • Алдағы жылы Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді;
  • Биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өтеді және Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеледі, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады;
  • Желілер мен қуаттардың тозу көрсеткішін кемінде 15%-ға дейін төмендету туралы жаңа тарифтік саясат ұсынды;
  • Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беріледі: Үкіметке тиесілі құзырлықтың бір бөлігін министрліктерге бөлу қажет – нақты бір сала саясатына «ұжымдық кабинет» емес, нақты министр жауапты болуы тиіс. Ал, Үкімет салааралық мәселелерді шешуге ден қояды;
  • 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отырады;
  • 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді;
  • Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу;
  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылады;
  • 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасалынады;
  • Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді етіледі;
  • Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беріледі;
  •  қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн.    

Сондай-ақ, Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екеніне тоқталды, мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалғандығы, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданатынын, ұстаздардың құзырет аясы айқындалатыны, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды екенін  айтты.

Жарыссөзге қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Г.Маукебаева  сөйледі:

- Бұл жолдау көкейтесті мәселелерін ашық ортаға салып, нақты шешу шараларын көрсеткендігімен жұрт жүрегіне сенім ұялатты. Бүгінгі жолдау ұстаздарға жұмыла жұмыс істеп, болашаққа нақты бағдар алуына жол сілтейтін жолдау болды деп ойлаймын. Мемлекет басшысының бүгінгі күнгі жолдаған жолдауын біздер ұстаздар қауымы бірауыздан қолдаймыз!

Жарыссөзге биология пәні мұғалімі А.Отарбаева  сөйледі:

- Білім саласы қызметкерлері Президент белгілеген саяси шешімдерді толықтай қолдай отырып,  еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып еңбек ету –   біздің басты парызымыз деп санаймын.


Шешімі: 
 
1. Мектеп дәлізінде, кітапханада жолдауға арналға стенд жаңалансын. 
 2. Ақпараттық – насихаттау тобы құрылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. 
 3. Барлық сынып жетекшілер ата – аналарға, сынып оқушыларымен  түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. 


Жиналыс төрайымы                                   М.Бексултанова

Хатшы                                                  Е.Оразбаев

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив