17
февраль
2023
⚜️⚜️"Қолөнер - тарбие көзі "
⚜️⚜️"Қолөнер - тарбие көзі "
⚜️⚜️"1 наурыз -Алғыс айту" күніне орай Асанбай Асқаров атындағы
жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сан ғасырлық тарихи тамырымыз бен мирас болып келе жатқан атамұра өнерімізді, өзге елден ерекшелеп тұратын салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды және тілдік ерекшелігімізді насихаттау мақсатында «Қолөнер – тәрбие көзі» атты білім алушылар өз қолдарымен жасаған қолөнер көрмесі өткізілді. Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы — қолөнері болып табылған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін, ою-өрнектерді, табиғи шикізатты пайдалана отырып, тұрмыстық заттарды да жасаған. Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек тұрмысына қажетті бұйымдарды ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, көркемдеп қашауды, ағаш бетінде нақышты өрнектер салуды шебер меңгерген. Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне дәуірінен бастап айналысқан. Шеберлер ұлттық қолөнерлер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет екенін көрмеге ұсынған бұйымдарын жасау арқылы түсінді.