13
сентябрь
2023
⚜️⚜️"Айтыс - ұлттық өнер"
⚜️⚜️"Айтыс - ұлттық өнер"
⚜️⚜️Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс. Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша "Төрт тоқсан-Төрт өнер" ұлттық мәдени -ағартушылық жобасының тұжырымдамасы негізінде "Жас өрендер", "Айтыс - ұлттық өнер" тәрбие сағаты және жас ақындарды анықтау іс-шарасы өткізілді. Ниет білдірген жас ақындар - "Айтыс" өнерінің – тек сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана еместігін, салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер екендігін, сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын кітап оқып, жан-жақты үлкен дайындықтан өту керектігін түсінді, сондай-ақ, "Ақындар мектебі" үйірмесіне қабылданды.
#жасақын #домбыра#төрт токсантөрөнер
#МЕРКІ#ЖАМБЫЛОБЛЫСЫ
#1ТОҚСАН#АҚЫНДАРААЙТЫСЫ
#АЙТЫСІРІКТЕУКЕЗЕҢІ