23
апрель
2021
"Парасат жолы" бұрышы
Оқушылардың бойында адалдық, парасаттылық, ізгілік пен қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының кітапханасында "Парасат жолы" бұрышы ұйымдастырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева және кітапхана меңгерушісі С.Мауленкулова оқушыларға суреттер, сызбалар арқылы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигезетін кері әсері жайлы және адалдық, азаматтылық адамның құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне құрметпен қарау, адамгершілік сезімдер мен этикалық сана, еңбексүйгіштік, оқу, өмірге жасампаздықпен қарау арқылы адалдық қасиеттерінің қалыптасатындығын түсіндіріп өтті.