28
январь
2021
«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» адалдық сағатын
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағатына №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары белсене қатысты. Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.