12
ноябрь
2021
«Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбындағы коучинг
Сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы проблемаларды заң аясында шешу жолдарын қарастыру арқылы бағыт-бағдар беру, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін жетілдіруде сынып жетекшілерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сынып жетекшілермен «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбындағы коучинг өткізілді. Іс-шараның І кезеңде мектеп психологы Э.Олжабаева «Жақсы көңіл – күй формуласы» тақырыбында психологиялық релаксация жүргізсе, ІІ кезеңде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Күмісбекқызы сынып жетекшілерді "Жемістер" әдісі арқылы топқа бөліп, әр топтағы сынып жетекшілерге сипаттама берді, "Сынып жетекшісінің апталық циклограммасы, бір айда атқаратын міндеті мен қызметі қандай?", "Сынып жетекші қандай нормативті құжаттарды білуі тиіс?", "Сынып жетекшісіне қандай әдістемелік көмек керек?", " Сынып жетекшісінің оқушыларды бақылау әдістері", "Қазіргі заманғы және болашақта сынып жетекшінің бейнесі" тақырыбында сынып жетекшілермен топтық жұмыстар өткізіп, постер қорғады, күнделікті кездесетін ситуациялық жағдаяттардан шығу жолдарына жауап іздестіріп, әдістемелік көмек пен психологиялық кеңестер берді. Сынып жетекшілер алған әсерлерімен «Ақылдың 6 қалпағы» бойынша кері байланыс жасап, ұсыныстар берді