"Әке мен бала достығы - қымбат құндылық" » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Әке мен бала достығы - қымбат құндылық"
03
февраль
2022

"Әке мен бала достығы - қымбат құндылық"

"Берекелі шаңырақ" жобасы аясында және тәрбие жоспарының отбасылық тәрбие бағыты бойынша әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ер балаларды ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке баулу мақсатында "Әке мен бала достығы - қымбат құндылық" тақырыбында С.Тұрсынбаев, А.Шагалдиев, И.Гулялиев әкелермен кездесу өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен шараның бағдарламасымен таныстырды. «Телефоныңа емес, отбасыңа көңіл бөл!» бейнесюжеті бойынша кездесу қонақтары әкенің қоғамда, отбасындағы орнын дәріптеді. Одан әрі «Атаңа жасағаның алдыңа келеді», «Әке мен бала» атты бейнеролик бойынша «Зиянды заттар», «Қыз теке жігіттер» «Қарттар үйі» және әкенің бала өмірінде алатын орны төңірегінде ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ, қатысушы-әкелер «әке тұлғасына» тән қасиеттер мен отбасы құндылықтары турасында ұсыныстарымен бөлісті. Мектеп психологтары А.Толғанбаева, Э.Олжабай «Мен қандай әкемін?» атты тренинг жүргізді. Тренинг барысында әкелердің ситуациялық жағдайларда жол таба білу қасиеттеріне баға берілді. Әр сала қызметкерлерінің пікірлері мәнді, келешек ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтынын, бей жай қарамайтынның дәлелі дерсің... Естір құлаққа, көрер көзге тәрбиесі мол ер адамға қажет тағылымды көбіне әкесінен үйренуге ұмтылатынын, жасында ұғынбағанды оның ер жеткенде түсіне қоюы екіталай екендігін, сондықтан, әрбір әке бауыр еті баласының қоғамдағы өз орнын қателеспей табуына ықпал ету керектігі, ұл бала еңбекқор, намысты, ер, әділ, патриот болу керектігі туралы әкелер және ер балалар өз пікірлерін білдіріп, іс-шара "Менің әкем - ең жақсы адам!" әнін шырқап аяқталды.

Теги:
123
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив