17
февраль
2022
"Ер бала - отау иесі"
Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуға, жомарттық пен аманатшылдыққа, білімге, ата дінімізді,салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеу мақсатында "Берекелі шаңырақ" жобасы аясында "Ер бала -отау иесі" тақырыбында пікір алмасу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны әлеуметтік педагог А.Ойшиева "Жаман қасиеттер" тренингін жүргізіп бастаса, ұл балалар "Жалғасын тап" мақал-мәтелдер жалғасын тауып жарысты, "Ойланайық, пікірлесейік" кезеңінде "Серілер" ұлдар клубының жетекшісі Н.Темірбеков ұл бала- ертеңгі отау иесі және олардың тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін ұғындыра отырып, ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, болашақта әйелі мен балаларына қалай қамқор болу керек, қиын сәттер мен ел басына күн туған сәттерде қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту керек екендігі туралы пікірін білдірді. Іс-шара ұл балалардың жағдаятты сұрақтарға жауап беріп, ақ жолға бастайтын жеті жетекшіні нақтылаумен аяқталды.
Ер баланың басшысы – ақыл
Жетекшісі – талап
Жолаушысы – ой
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны – сабыр
Қорғаушысы – мінез
Сынаушысы – халық.
Теги:
123