«Дұрыс тамақтану» ата-аналар жиналысы
2021 жылдың 26 ақпан күні «Дұрыс тамақтану» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналарға дұрыс тамақтану баланың өсіп келе жатқан организмінің қалыптасуында үлкен рөл атқаратындығын, ата-аналардың өздері үлгі көрсетіп, ертеңгілік астан бастап тамақтану режимін сақтауға, тамақты отбасымен бірге ішуді, зиян келтіретін тағамнан, газдалған сусындарды ішуден бас тартуға, суды жеткілікті мөлшерде ішуге, көкөніс пен жеміс жеуге үйреткендері жөн екендігі туралы кеңес берілді. Әр баланың ағзасы әртүрлі болса да, оның дұрыс өсуі мен дамуы үшін тамақтану рационына енгізілуі тиіс: сүт өнімдері, ет, балық, жұмыртқа, жарма және макарон өнімдері, көкөніс, жаңа піскен жеміс, табиғи шырын, жаңғақ, құрғақ жеміс, бал тағам түрлерімен таныстырылды.
Тұрақты тамақтану баланың дамуына, эмоциялық және физикалық тұрғыдан мықты болуына тікелей әсер етеді. Әсіресе, ҰБТ кезінде оқушының тамақтану режиміне ерекше назар аудару керектігі айтылды.